WorldSkills Aktobe – 2026” аймақтық чемпионатына 9 “Б” сынып оқушылары қатысты.
19 мамыр күні Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінде өткен “WorldSkills Aktobe – 2026” аймақтық чемпионатына 9 “Б” сынып оқушылары қатысты. Оқушылар шара барысында әртүрлі мамандықтармен танысып, кәсіби бағыттар бойынша ақпарат алды. Сонымен қатар түрлі құзыреттіліктер бойынша ұйымдастырылған көрмелерді, шеберлік сабақтарын тамашалап, мамандардың жұмыстарын көрді.
Іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауларына бағыт-бағдар беріп, қызығушылықтарын арттырды.






