ҚР, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Астана ауд., Ағайынды Жұбановтар 261 А үй
45-81-74,45-81-75 87758282777
kazschool_38@mail.ru

Жаналықтар

1 сәуір 2025 жыл 2024-2025 оқу жылындағы IV тоқсан

2024-2025 оқу жылындағы IV тоқсан 1 сәуір 2025 жыл2024-2025 оқу жылындағы IV тоқсан Мектепте брокераждық комиссия жоспарына сәйкес асхана тексерілді. Комиссия мүшелері күнделікті ас мәзірінің сәйкестігін, тамақ сапасын бақылау журналын, келіп түскен азық-түлік өнімдерінің уақытылы тіркелуін қадағалады. Тексеру нәтижесінде асхананың тазалығы мен жарықтандырылуы талапқа сай екені анықталды. Ыдыс-аяқ жеткілікті, жарамсыз ыдыстар тіркелмеді.

Азаматтар жауапкершілікті өз мойнына алғанда, шынайылық өзгереді.

Азаматтар жауапкершілікті өз мойнына алғанда, шынайылық өзгереді. Еліміз бойынша жүздеген ауылдар спиртті ішімдіктерді сатудан өз еркімен бас тартуда. Бұл – қарапайым халықтың саналы таңдауы. Тәртіп, денсаулық және балалардың болашағы үшін жасалған шешім.Мысалы, Маңғыстау облысының бір ауылында тұрғындар ішімдікті сатуды тоқтатып, бұл туралы бейнероликті әлеуметтік желілерде жариялады. Осындай бастамалар Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Атырау және басқа да…
Читать далее

«Менің отбасыммен өткізген қызықты күнім» тақырыбындағы отбасылық фотосессиясы.

5 “А” сынып оқушысы Қалибола Сағадат «Менің отбасыммен өткізген қызықты күнім» тақырыбындағы отбасылық фотосессиясы.Сынып жетекшісі: Оразалы Г. Е.

«Шоқан. Қашқария сапары» фильміне саяхат!

«Шоқан. Қашқария сапары» фильміне саяхат! Көктемгі демалыс аясында және 6 «Б» сынып оқушылары «Шоқан. Қашқария сапары» атты тарихи фильмге саяхат жасады. Бұл ерекше шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркемдік талғамын қалыптастыру және тарихи тұлғалар туралы білімдерін тереңдету. Кино әлеміне қызықты сапар жасаған оқушылар жаңа әсерлер алып, тарихи оқиғалармен танысты! Сынып жетекшілері: Назарбаева Г.

1 сәуір – Халық құстар күні

1 сәуір – Халық құстар күні 4 «А» сынып оқушылары Халықаралық Құстар күніне орай табиғатқа қамқорлық танытып, өз қолдарымен құстарға ұя жасады. Серуендеу кезінде олар ұяларды мектеп ауласындағы ағаштарға іліп, құстарға жайлы мекен сыйлады. Бұл игі шара балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, құстарды қорғауға баулуға бағытталған. Көктемгі жылы күндер құстардың әсем әніне толы болсын! Табиғатты…
Читать далее

1 сәуір – Халық құстар күні

Бүгін 7 «А» сынып оқушылары Халықаралық Құстар күніне орай табиғатты қорғау мен құстарға қамқорлық көрсету мақсатында керемет бастама көтерді! Оқушылар құстарға арнап ұя жасап, оны мектеп ауласындағы ағаштарға ілді. Бұл іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, құстарды қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған. Құстарға жаңа ұялар – олардың жайлы мекені мен көктемнің…
Читать далее

Қанатты достарымызға қамқорлық!

1 сәуір – Құстар күні! Осыған орай, №38 қазақ орта мектебінің 2 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге құстарға ұя жасады. Бұл игі шараның басты мақсаты – құстарға жайлы мекен құру, табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілікті арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Оқушылар өз қолдарымен жасаған ұяларын мектеп ауласындағы ағаштарға орналастырып, кішкентай қанатты достарымызға қамқорлық көрсетті. Табиғатты…
Читать далее

Құстар – біздің досымыз!

Құстар – біздің досымыз! 1 сәуір – Халықаралық Құстар күніне орай, 2 «Ә» сынып оқушылары табиғатқа қамқорлық танытып, құстарға арнап ұя жасады. Балалар өз қолдарымен дайындаған ұяларын ағаштарға іліп, қанатты достарына жылы мекен сыйлады. Құстар – табиғаттың сәні, көгілдір аспанның сазгері. Оларды қорғау – біздің ортақ міндетіміз! Осындай игі істер балалардың жүрегіне мейірім ұялатып, табиғатты…
Читать далее

«Құстар – біздің досымыз»

«Құстар – біздің досымыз» 2 сәуір 2025 жыл1 «А» сыныбы 1 «А» сыныбының оқушылары «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында сурет салып, өз шығармашылығын ортаға салды. Балалар әртүрлі құстардың бейнесін қағаз бетіне түсіріп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Бұл шараның мақсаты – оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызын түсіндіру, оларды қорғауға баулу және қамқорлық сезімін қалыптастыру. Сабақ барысында балалар…
Читать далее

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары басталды!

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары басталды! 2025 жылдың 29 наурызында №38 қазақ орта мектебінде мектеп ауласын тазартуға арналған сенбілік жұмыстары басталды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – мектеп аумағын тазарту және оқушыларға экологиялық мәдениетті насихаттау. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау, аялау – әр адамның қасиетті борышы. Өкінішке қарай, бүгінде экологиялық мәселелер өзекті тақырыпқа…
Читать далее