ҚР, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Астана ауд., Ағайынды Жұбановтар 261 А үй
45-81-74,45-81-75 87758282777
kazschool_38@mail.ru

День: 19.05.2026

«Жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері»

«Жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 5 б сыныбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Атап айтқанда, суға шомылу кезіндегі сақтық, өрт қауіпсіздігі, жолда жүру ережелері және табиғат аясындағы қауіпсіздік туралы ақпараттар айтылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсінді. Сынып жетекшісі: Кузбаева Э.Б

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы Жаңа Конституцияда мыңдаған жылдарға созылатын Ұлы дала тарихының сабақтастығын сақтау қастерлі парыз ретінде айқын көрсетілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы елордадағы «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда мәлімдеді. Президенттің айтуынша, Қазақстан соңғы жылдары ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырып келеді. Бұл…
Читать далее

WorldSkills Aktobe – 2026” аймақтық чемпионатына 9 “Б” сынып оқушылары қатысты.

19 мамыр күні Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінде өткен “WorldSkills Aktobe – 2026” аймақтық чемпионатына 9 “Б” сынып оқушылары қатысты. Оқушылар шара барысында әртүрлі мамандықтармен танысып, кәсіби бағыттар бойынша ақпарат алды. Сонымен қатар түрлі құзыреттіліктер бойынша ұйымдастырылған көрмелерді, шеберлік сабақтарын тамашалап, мамандардың жұмыстарын көрді. Іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауларына бағыт-бағдар беріп, қызығушылықтарын арттырды.