ҚР, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Астана ауд., Ағайынды Жұбановтар 261 А үй
45-81-74,45-81-75 87758282777
kazschool_38@mail.ru

Жаналықтар

Қаупсіз жазғы демалыс

Бастауыш сынып оқушыларына электр қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын ЖШС «Энергосистема» электр монтері Сағынданов Дастан Арыстанұлы жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға жаз мезгілінде электр құрылғыларымен абай болу қажеттігі түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Мұндай шаралар балалардың қауіпсіздік дағдыларын ерте жастан қалыптастыруға көмектеседі. ҚАУІПТІ ЭЛЕКТР ЗАТТАРЫ:🔹 Электр щиттары🔹 Ашық немесе үзілген сымдар🔹 Сынған шамдар мен патрондар🔹 Электр құралдары (теледидар,…
Читать далее

Қауіпсіз жазғы демалыс

Қауіпсіз жазғы демалыс2 «Ә» сынып оқушыларына жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында судағы, жолдағы, көшедегі және үйдегі қауіпсіздік туралы айтылып, балаларға сақтық шараларын сақтау түсіндірілді.Әрбір оқушыға: Жолда жүру ережелері;-Су қауіпсіздігі;-Өрт қауіпсіздігі;-Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді.-Балалардың өмірі мен денсаулығы — басты назарда!Баршаңызға қауіпсіз әрі көңілді жазғы демалыс тілейміз!

“Үздік сынып жетекші – 2026” ✨

“Үздік сынып жетекші – 2026” Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Сынып жетекші болу – мейірім мен жауапкершіліктің үйлесімі.Бүгін шәкірт жүрегіне жол тауып, білім мен тәрбиені қатар ұштастыра білген, әр оқушының жан дүниесін түсініп, болашағына бағыт берген үздік сынып жетекшілер марапатталды.Мектебіміздің “Үздік сынып жетекші”2026ж атанған 5”Б”сынып жетекшісі: Кузбаева Эльмира БукенбаевнаҚұттықтаймыз

«Жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері»

«Жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 5 б сыныбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Атап айтқанда, суға шомылу кезіндегі сақтық, өрт қауіпсіздігі, жолда жүру ережелері және табиғат аясындағы қауіпсіздік туралы ақпараттар айтылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсінді. Сынып жетекшісі: Кузбаева Э.Б

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы Жаңа Конституцияда мыңдаған жылдарға созылатын Ұлы дала тарихының сабақтастығын сақтау қастерлі парыз ретінде айқын көрсетілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы елордадағы «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда мәлімдеді. Президенттің айтуынша, Қазақстан соңғы жылдары ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырып келеді. Бұл…
Читать далее

WorldSkills Aktobe – 2026” аймақтық чемпионатына 9 “Б” сынып оқушылары қатысты.

19 мамыр күні Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінде өткен “WorldSkills Aktobe – 2026” аймақтық чемпионатына 9 “Б” сынып оқушылары қатысты. Оқушылар шара барысында әртүрлі мамандықтармен танысып, кәсіби бағыттар бойынша ақпарат алды. Сонымен қатар түрлі құзыреттіліктер бойынша ұйымдастырылған көрмелерді, шеберлік сабақтарын тамашалап, мамандардың жұмыстарын көрді. Іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауларына бағыт-бағдар беріп, қызығушылықтарын арттырды.

«Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік»

«Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік»Мақсаты:Оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, өмірі мен денсаулығын сақтауға үйрету, су аймақтарында, көшеде, жолда және тұрмыста өзін дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру.Жетекшісі:Изтаева Б.А.Сынып:3”А”

Бастауыш сыныптар апталығы аясында 2 «Ә» сыныбында «Жол ережесін білейік – аман есен жүрейік» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізілді.

Бастауыш сыныптар апталығы аясында 2 «Ә» сыныбында «Жол ережесін білейік – аман есен жүрейік» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізілді.🚦 Шара барысында оқушылар жол қауіпсіздігі ережелерімен танысып, жаяу жүргіншілерге арналған белгілерді қайталады. Түрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы балалар жолда өзін дұрыс ұстаудың маңыздылығын түсінді.👮‍♂️ Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың өмір…
Читать далее

“Тоқтар Әубәкіров-қазақтың тұңғыш ғарышкері” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Бастауыш сыныптар апталығы аясында 6 сәуір күні 4 “А” сыныбында дүниетану пәнінен “Тоқтар Әубәкіров-қазақтың тұңғыш ғарышкері” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Сабақтың мақсаты: Т. Әубәкіровтың өмірбаяндық мәліметтерге сүйене отырып, шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбектері туралы мазмұндау.Пән мұғалімі: Исбулаева Л.Б

Халықаралық сахнадағы жарқын жеңіс!

Халықаралық сахнадағы жарқын жеңіс! №38 қазақ орта мектебінің «Saltanat» би тобы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен «Tashkent Talent Fest» халықаралық фестиваль-байқауына қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. ✨ «Үнді халық биі» номинациясы бойынша өнер көрсеткен жас бишілеріміз кәсіби шеберліктерін дәлелдеп,🥇 I дәрежелі Лауреат атағын жеңіп алды! Бұл — оқушыларымыздың еңбегі мен талантының, сондай-ақ жетекшінің жүйелі жұмысының…
Читать далее